Ел ертеңі болар бүгінгі балаларды ұлттық құндылықтар аясында тәрбиелеуде, мектеп – әлемдік озық білімді игерген саналы, толық адам қалыптастыруды көздейді. Қазіргі таңда жалпы мектептерде «Біртұтас тәрбие» бағдарлама негізінде жұмыс істеліп жатыр. Бұл бағдарламаның мақсаты – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген.
Осы бағдарлама аясында Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте балаларға ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру мақсатында тәлімгер Таңсамал Махмутова мен мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастырымен «Ұлттық құндылықтар-ұлт болашағы» атты онкүндік өткізілді.




Добавить комментарий